Мұнай-газ химиясы туралы заң қашан қабылданады

Фото: Үкімет

АСТАНА. KAZINFORM — Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов Үкімет отырысында мұнай-газ химиясы туралы заң жобасы қашан Парламентке енгізілетінін айтты. 

— Мұнай-газ химиясы туралы заң жобасы қашан дайын болады, — деп сұрады Үкімет басшысы.

Ведомство басшысы ведомствоаралық комиссияның шешімін күтіп отырғандарын мәлім етті.

— Бүгінгі таңда барлық тиісті шешім қабылданды. Заң жобасы қазір комиссияға шығарылады. Комиссияның оң шешімі қабылданғаннан кейін біз оны Мәжіліске апарамыз, — деді министр.

Олжас Бектенов көмір химиясының әлеуетін де ұмытпау керектігін еске салды.

— Көмір химиясын дамыту керек. Өте маңызды бағыт. Бұл бағытта үлкен әлеует бар. Көңіл бөліңіздер, — деді Премьер-министр.

Бұған дейін мұнай-газ химиясын дамытуға арналған жаңа заң жобасы әзірленіп жатқанын жазған едік.