Оның айтуынша, мұнай-газ нысандарындағы апаттың алдын алу ең алдымен кәсіпорынның өз ішіндегі бақылауға байланысты.
— Мемлекеттік инспектор әр нысанды күн сайын тексере алмайды. Сондықтан қауіптің алдын алатын негізгі жұмыс кәсіпорынның өзінде жүргізілуі керек. 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап өндірістік бақылауға жауапты қызметкерлер санына қатысты жаңа талаптар күшіне енді. Бұл қызмет кәсіпорынның бірінші басшысына тікелей бағынады, — деді ол.
Сондықтан да ол өндірістік бақылау қағаз жүзінде қалып қоймауы керек екенін ерекше атап өтті.
— Басшылық қауіпті жағдайды дер кезінде анықтап, оны жоюды талап етуге, қажет болса қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін жұмысты тоқтатуға тиіс, — деді Ахан Телманов.
Сондай-ақ кәсіпорындарға жұмыс істейтін мердігер ұйымдардың қызметіне де бақылауды күшейту көзделген.
Бұдан бөлек, биылдан бастап қауіпті өндірістік нысандардағы ескі жабдықтарды жаңарту мен техникалық қайта жарақтандыруға қатысты жаңа тәртіп енгізілді. Кәсіпорындар жоспарланған жұмыстарды уақытында орындауға міндетті.
Айта кетейік, бұған дейін мұнай-газ нысандарындағы апаттарға не себеп болатыны хабарланды.