«Маңғыстау облыстық экология департаментінің мамандары бүгін әлеуметтік желіде тараған видеоматериалға қатысты ластанған жерге келдік. Аталған жер - «Шалба» кен орны. Департамент бұл мәселеден бірнеше жыл бойы құқық қорғау және тиісті мемлекеттік құзырлы органдарға хабрдар етіп келеді. Қазіргі ақпаратқа сай, Энергетика министрлігі өткізген жер игеру жөніндегі конкурстың жеңімпазы «ARK Petroleum» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі болып анықталған. Сәйкесінше, аталған мекеме құзырлы органмен тиісті келісімшат жасасып, жобалау сатысында. Сондықтан, бұл жерде тазалау және рекультивациялау жұмыстарын жүргізу серіктестікке міндеттеледі. Сондай-ақ, үй жануарларының өлексесін жергілікті атқарушы орган және ветеринария инспекциясы бірлесіп жоятын болады», - деді Руслан Төкенов.
Еске сала кетейік, бүгін әлеуметтік желілерде ұңғымадан шыққан мұнайдың далаға төгіліп, салдарынан маңайдағы төрт түліктің қырылып жатқаны көрсетілген бейнежазба жарияланды.