Мұрат Нұртілеу сайлауда дауыс берді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Президент Әкімшілігінің Басшысы Мұрат Нұртілеу Әл-Фараби атындағы Оқушылар сарайында орналасқан №59 сайлау учаскесіне барып, Парламент Мәжілісі мен жергілікті мәслихаттар сайлауында дауыс берді, деп хабарлайды Ақорда.

Фото: akorda.kz

Еске салсақ, бұған дейін Мемлекет басшысы, Үкімет басшысы және Сенат төрағасы тағы да басқа тұлғалар Мәжіліс пен мәслихаттар сайлауында өз таңдауларын жасады.