Мұрат Әжінұрұлы Тілеубердиев 1973 жылғы 20 қарашада Алматы облысының Каскелең ауданында дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік заң университетінде «Құқықтану» мамандығы бойынша білім алған.
Ол прокуратура органдарындағы қызметін 1999 жылы Алматы қаласы Бостандық ауданының прокурорының көмекшісі лауазымынан бастаған. Қызмет жолында қадағалау органының түрлі құрылымдарында еңбек етіп, қарапайым қызметкерден бастап жетекшілік лауазымдарға дейін көтерілді.
Әр жылдары Алматы қаласы прокуратурасында бөлім және басқарма басшысы қызметтерін атқарды. 2018 жылдың сәуір айынан бастап Алматы қаласының Әуезов және Алмалы аудандарының прокуроры, кейін Алматы қаласы прокурорының орынбасары болды.
Кейін Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасында кадрлық даму департаментін басқарды. 2023 жылдың мамыр айынан бастап Түркістан облысының прокуроры қызметін атқарып келді.
Мұрат Тілеубердиев «Айбын» II дәрежелі орденімен марапатталған.
Бұған дейін хабарланғандай, өткен апта ішінде Қазақстандағы бірқатар мемлекеттік органдар мен өңірлерде жаңа басшылар тағайындалған болатын.