Жаңа әкімді аудан активіне облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаев таныстырды. Өңір басшысы Саят Мусиннің кәсіби біліктілігі мен басқарушылық тәжірибесін атап өтіп, аудан басшысы ретінде бірқатар міндет жүктеді.
– Бүгінде ауданда ауқымды жобалар жүзеге асырылып жатыр. Туристік инфрақұрылымды дамыту бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Қарқаралының туристік әлеуетін арттырудың маңызы зор. Сондықтан басталған жобалардың сабақтастығын сақтап, олардың сапалы әрі уақытылы орындалуын қамтамасыз ету қажет, – деді Ермағанбет Бөлекпаев.
Облыс әкімі жаңа басшының аудан активімен бірлесе отырып, өңірдің дамуына үлес қосатынына сенім білдіріп, қызметіне сәттілік тіледі.
Саят Мусин мемлекеттік қызметте 2015 жылдан бері еңбек етіп келеді.
Ол еңбек жолында ветеринария саласында түрлі лауазымдарды атқарған. Атап айтқанда, АӨК мемлекеттік инспекциясының бас маманы – ветеринар дәрігері, Абай ветеринариялық станциясы директорының міндетін атқарушы, Қарағанды облысы ветеринария басқармасы басшысының орынбасары қызметтерінде болды.
Қарқаралы ауданының әкімі болып тағайындалғанға дейін аудан әкімінің орынбасары қызметін атқарды.
Айта кетейік, Қызылорда облысында Жаңақорған ауданының әкімі тағайындалды.