Синьхуа агенттігінің Мьянмағы тілшісінің жазуынша, елдің ең ірі қаласы – Янгонда жер сілкінісі қатты сезілген. Сондай-ақ, сілкініс дүмпуі Таиланд астанасы Бангкок пен Лаос астанасы Вьентьянда да анық байқалған.
Қазірше зардап шеккендер мен материалдық шығындар туралы ресми ақпарат жоқ.
Chinanews агенттігінің хабарлауынша, Қытайдың Юньнань провинциясындағы Баошань, Сишуанбаньна-Дай автономиялық облысы, Пуэр және Куньмин қалаларының тұрғындары да күшті жер сілкінісін анық сезген.
Айта кетейік, бүгін түнде Алматыдан 323 шақырым жерде жер сілкінісі тіркелді.