Мьянмада тағы да жер сілкінді

Фото: Myanmar Fire Services Department

АСТАНА. KAZINFORM – Мьянмада магнитудасы 5,1 балдық жер сілкінісі болды. Бұл туралы Еуропа-Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығы хабарлады. 

– Жер сілкінісінің ошағы ел астанасынан оңтүстік-батысқа қарай 19 шақырым жерде орналасқан. Онда шамамен 925 мың адам тұрады, - деп хабарлайды ТАСС.

Айта кетейік, 28 наурызда Астана уақытымен сағат 11:20-да Мьянмада 7,9 балдық жер сілкінісі болды. Жерасты дүмпулері Таиланд (Бангкок) және Лаос (Вьентьян) астаналарында да сезілді. Мьянмадағы жер сілкінісінен 1 000-нан астам адам қаза тапты. 

Сонымен қатар Бангкоктағы көпқабатты үй құлады. Таиланд премьер-министрі көршілес Мьянмадағы күшті жер сілкінісінен кейін Бангкокты «төтенше жағдай аймағы» деп жариялады. 

Сондай-ақ СІМ Таиландтағы жер сілкінісінен зардап шеккен қазақстандықтарға қатысты ақпарат таратты.

Айта кетейік, Мьянмадағы жер сілкінісіне байланысты ЕО көмекке 2,5 миллион еуро берді. Ал, БҰҰ Мьянмаға көмек ретінде 5 миллион доллар бөлді.