Мьянманда жарылыс болып, 45-тен аса адам қаза тапты

АСТАНА. KAZINFORM — Мьянманың солтүстік-шығысындағы Қытай шекарасына жақын орналасқан Шан штатында жарылғыш заттар сақталған қоймада қуатты жарылыс болды, деп хабарлайды Al Jazeera агенттігі.

Фото: t.me/AlJazeeraRussia

Оқиға Каунг Тат ауылында болған.

Жергілікті БАҚ мәліметінше, жарылыс салдарынан 45-тен аса адам қаза тапқан, олардың арасында балалар да бар. Тағы 70-тен астам адам жарақат алған.

Жарылыстың күшті болғаны соншалық, маңайдағы бірнеше тұрғын үй қираған.

Алдын ала мәлімет бойынша, қоймада тау-кен өндірісінде пайдаланылатын жарылғыш заттар сақталған. Өңір рубин кеніштерімен танымал.

Апат болған аумақ көтерілісшілердің TNLA тобының бақылауында.

Қазір оқиға орнында құтқару жұмыстары жалғасып жатыр. Билік жарылыстың себептерін анықтау үшін тергеу бастады.

Бұған дейін Мьянмада салмағы рекордтық 2,2 келілік құнды рубин табылғанын жаздық.