ҚазАқпарат құжаттың мәтінін таратады.
Қазақстан Республикасының Заңы № 65-V ҚРЗ
1993 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы мен Түрік Республикасы арасындағы Анталия аймағы Кемер болысында орналасқан меншікті Қазақстан Республикасына пайдалануға беру туралы хаттамаға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Түркия Республикасының Үкіметі арасындағы хаттаманы ратификациялау туралы
2012 жылғы 16 сәуірде Анкарада жасалған 1993 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы мен Түрік Республикасы арасындағы Анталия аймағы Кемер болысында орналасқан меншікті Қазақстан Республикасына пайдалануға беру туралы хаттамаға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Түркия Республикасының Үкіметі арасындағы хаттама ратификациялансын.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.НАЗАРБАЕВ.
Астана, Ақорда, 2013 жылғы 11 қаңтар