Бүгін ҚР ІІМ көліктегі ІІД акті залында Қазақстан Орталық ардагерлер кеңесінің төрағасы, техника ғылымдарының докторы, академик Өмірзақ Озғанбаевпен кездесу өтті. Жиынға департаменттің басшылығы мен жеке құрамы қатысты.
Кездесуді құрметті қонақтардың тізімін атағанкөліктегі ІІД бастығы, полиция полковнигі Ахан Қажыкенов ашты.
Ө. Озғанбаев Қазақ хандығының 550-жылдығына, Ұлы Отан соғысының 70-жылдығына, Конституция мен Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылғанына 20-жыл толуына дайындық барысын әңгімеледі. Алдағы Ұлы Отан соғысы жеңісінің мерейтойына дайындық жоспардың ерекше тармағы екенін атап өтті.
Ол жиналған қауымды соғыс батырларын еске алуға, мәңгілік есте сақтауға шақырды.
Сондай-ақ Қазақстанда ардагерлерге баса назар аударылатындығына - зейнетақы өсіп, сыйлықтар беріліп, олардың емделуі мен демалуы үшін жағдайлар жасалып жатқанына тоқталып өтті. Мемлекет басшысы Н. Назарбаев ардагерлер ұйымының бастамаларын үнемі қолдап, үлкен түсіністікпен қарайтынын баса айтты.