АСТАНА. ҚазАқпарат - Нью-Йорк пен Вашингтонда 5 балдық жер сілкінісі сезілді, деп хабарлайдыThe Independent.
АҚШ Геологиялық қызметінің (USGS) хабарлауынша, жерасты дүмпуінің алғашқы магнитудасы 5,1 балды құраған, кейін 4,4-ке, одан соң 4,1-ге дейін төмендеген.
USGS картасына сәйкес, жер сілкінісі, сондай-ақ, Солтүстік Королина, Вирджиния, Батыс Вирджиния, Мэриленд, Делавэр, Нью-Джерси, Пенсильвания және Коннектикутте сезілген.
Ербол Жанат
ЕҰУ-да журналистика мамандығы бойынша бакалавриатты және магистратураны тәмамдаған. Стамбул мемлекеттік университетінде ғылыми тағылымдамадан өткен. «Qazaqstan» ұлттық телеарнасында, "Астана ақшамы" газетінде тілші болған. 2014 жылдан бері Kazinform ХАА-да шығарушы редактор қызметін атқарып келеді.