Нарықта доллар 517 – 523 теңге аралығында саудаланып жатыр
АЛМАТЫ. KAZINFORM – Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге шаққандағы бағамы сәл өсті.
KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 0,08 теңгеге қымбаттады.
Бір АҚШ долларының орташа бағамы – 519,58 теңге.
Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 521,3 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы – 519,7 теңге. Еуро сатып алу бағамы – 608, сату құны – 612.
Ал, Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы – 523 теңге, сатып алу құны – 517 теңге. Еуро 607 теңгеден сатып алынып, 614 теңгеден сатылып жатыр.
Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 6,45 - 6,60 аралығында саудаланып жатыр.
Ұлттық банктің 8 шілдеге ұсынған ресми бағамы – бір долларға 519,51 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны – 6,60 теңге. Еуро – 611,83
Бұған дейін Тимур Сүлейменов базалық мөлшерлеме кез келген уақытта өзгеруі мүмкін екенін айтқан болатын.
Қазақстандық экономистер теңгенің нығаюына мүмкіндік бар екенін айтты.