Әлем чемпионы, 75 келідегі Наталья Богданова 1/2 финалда Үндістан спортшысы Боргохайнмен айқасты. Қос боксшы да шаршы алаңның ортасын бермеуге тырысып, 3 раунд бойы соққылармен алмасты. Нәтижесінде төрешілер 2:3 есебімен жеңісті қарсыласқа берді.
Алда әлі Махмұд Сабырхан (55 келі), Төрехан Сабырхан (70 келі) шаршы алаңға шығады.
Айта кетейік, осыған дейін Алуа Балқыбекова Азиаданың қола жүлдесін жеңіп алған болатын.