Солтүстік-батыс циклонының әсерінен елдің батысында, шығысында, оңтүстік және оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында жауын-шашын болады.
Антициклон сілемінің ықпалынан еліміздің солтүстік, солтүстік-батыс және орталығында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.
Түнгі және таңертеңгі уақытта ел аумағын тұман басады. Ал оңтүстік, оңтүстік-шығыста найзағай ойнайды. Елдің батысында, оңтүстігінде, шығысында жел күшейеді. Сондай-ақ батыс және оңтүстік-шығыста күн аздап салқындап, ауа температурасы 9… 17°С шамасында болады.
Айта кетейік, бүгін 6 қалада ауа сапасы нашарлайды.