«Бұл ақпарат шындыққа жанаспайды. Оны Эльмира Амангелдіқызы (Білім және ғылым вице-министрі Суханбердиева) БАҚ өкілдерінің алдына бірнеше рет шығып айтқан болатын. Бұл дұрыс түсіндірмеуден орын алған жайт»,- деді Ерлан Сағадиев.
Естеріңізге сала кетсек, отандық бірқатар БАҚ "Назарбаев зияткерлік мектептері" дербес білім беру ұйымының басқарма төрайымы Күләш Шәмшідинованың Батыс Қазақстан және Ақтөбе облыстарының жетекші мектептерінің форумында мұғалімдердің кәсіби деңгейі мен білімін өткір сынға алғандығын жазған болатын. Шәмшідинованың айтуынша, мұғалімдердің тек 5 проценті ғана қарапайым тест бойынша барлық 25 сұраққа жауап берген. Ал сынақ тапсырған ұстаздардың 70 проценті шекті 13 балды да жинай алмаған.