Непал билігі Эверестке шығуға лицензия беруді тоқтатады
АСТАНА. KAZINFORM — Непал билігі әуесқой альпинистерге Эверестке (Хомолунгма, 8 848,86 м) шығуға лицензия беруді тоқтатады, деп хабарлайды Report.
Бұған себеп қазір ең биік таудың шыңы туристерге толып кеткен. Оның ішінде танымал блогерлер мен дайындығы аз альпинистер де бар.
Оңтүстік Азиядағы елдің туризм департаментінің директоры Химала Гаутама Эверестке шығуға рұқсат өтініш беруші Непалда 7000 метрден асатын, кем дегенде бір шыңды бағындырғаны туралы дәлелдеме бергеннен кейін ғана берілетінін айтты.
— Непал тауларының өз ерекшеліктері мен қиындықтары бар, сондықтан альпинизм тәжірибесі апат қаупін азайтуға көмектеседі, — деп қосты Гаутама.
Непал билігі, осылайша елде бағындыруға болатын 462 шыңның тартымдылығын арттырмақшы.
Еске салайық, былтыр Непал Эверестті қоқыстан тазартуға арналған «сәтсіз» бағдарламаны тоқтатты.