Нетаньяху ХАМАС қозғалысын қарусыздандырамын деп уәде берді

Фото: Anadolu Ajansı

АСТАНА. KAZINFORM — Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху палестиналық ХАМАС қозғалысын қарусыздандыруға және Газа секторын демилитаризациялауға уәде берді, деп хабарлайды Синьхуа ақпарат агенттігі. 

Нетаньяху сонымен қатар өткен айда күшіне енген атысты тоқтату туралы келісімге қарамастан, үкіметі қалған содырларды қудалауды жалғастыратынын мәлімдеді.

— ХАМАС-тың кейбір топтары Газаның біздің бақылауымыздағы кейбір бөліктерінде әрекет етуін жалғастыруда және біз оларды жүйелі түрде жойып жатырмыз. ХАМАС-ты қарусыздандыру және Газа секторын демилитаризациялау — біздің басты қағидаттымыз. Егер бұған бір әдіспен қол жеткізу мүмкін болмаса, ол басқа жолмен жүзеге асырылады, — деп мәлімдеді Израиль премьер-министрі.

Оның айтуынша, Израиль әскери күштері Газадағы әскерлерді қорғауды жалғастырады. Ол Израиль тарапы операциялар туралы америкалық одақтастарына хабарлайтынын, бірақ «олардың рұқсатын сұрамайтынын» нақтылады. Премьер-министр Израильдің «қауіпсіздікке деген жоғары жауапкершілігінен» бас тартпайтынын атап өтті.

Kazinform үшін арнайы Синьхуа ақпарат агенттігі ұсынған.

Бұған дейін ХАМАС Израильге кепілге алынғандарға тиесілі емес тағы 3 адамның мәйітін тапсырғанын жазған болатынбыз.