АСТАНА. ҚазАқпарат – Рональд Куман футболдан Нидерланд құрамасының бас бапкері қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Нидерланд футбол одағы бас бапкермен келісімшартты 2026 жылғы әлем чемпионатына дейінгі уақытқа жасады.
Рональд Куман ұлттық құрамаға бұған дейін 2018-2020 жылдар аралығында жетекшілік етті. Оның жетекшілігімен нидерландылық футболшылар 2018/2019 жылғы Ұлттар лигасы финалында ойын көрсетті.
Сондай-ақ, ол ұлттық құрамадан басқа Испанияның «Барселона», «Валенсия», Англияның «Эвертон» және өзге клубтарда бапкерлік қызмет атқарды.
Еске салсақ, Нидерланд құрамасы Қатар жерінде өтіп жатқан футболдан әлем чемпионатында 1/4 финалында Аргентинаға пенальтиден жол берді. Одан кейін ұлттық құрама бас бапкері Луи ван Гал қызметінен кетті.
Фото: footballhd.ru
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.