АСТАНА. KAZINFORM - Нидерландтың Эйндховен қаласында өткен Eindhoven Cup халықаралық турнирінде қазақстандық боксшылар бес алтын медаль алды.
Ел құрамасынан өз салмақ дәрежесінде Даниял Сәбит (50 келі), Абылайхан Жүсіпов (70 келі), Ерасыл Жакпеков (80 келі), Дәулет Төлемісов (85 келі) және Нұрлан Сапарбай (90 кліден жоғары) жеңіс тұғырына көтерілді.
Сондай-ақ ел құрамасынан Ертуған Зейнуллинов (65 келі) пен Сабыржан Аққалықов (75 келі) және Сағындық Тоғамбай (90 келі) қола жүлдені қанағат тұтты.
Айта кетсек, дүбірлі додаға еліміздің атынан 10 боксшы аттанған еді. Олардың арасынан ертерек Махмұд Сабырхан (55 келі), Ерхан Тұрдан (60 келі) жарыс жолынан шығып қалды.
Ал Өзбекстан құрамасы халықаралық турнирде екі алтын медальға қол жеткізді. Жеңіс тұғырына Абдумалик Халоков (60 келі) пен Турабек Хабибуллаев (90 келі) көтерілді.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.