Нигер баспасөз агенттігінің (ANP) хабарлауынша, жол апаты жұма күні Маради – Мадауа тасжолында, Мадауа қаласынан шамамен 55 шақырым жерде болған.
Алдын ала мәлімет бойынша, апаттан 21 адам қаза тапқан. Түрлі жарақат алған 37 адамға медициналық көмек көрсетілді. Агенттік мәліметінше, автобустардың бірінде әскери қызметшілер болған.
Жол-көлік оқиғасының себептерін анықтау үшін тергеу басталды.
Оқиға Нигер билігі елде жол-көлік оқиғаларының жиілеуіне байланысты жол қозғалысы қауіпсіздігі жөніндегі ақпараттық науқанды күшейтіп жатқан кезде болды.
Нигерде жол апаттарының негізгі себептері қатарында жылдамдықты шамадан тыс арттыру, мас күйінде көлік жүргізу, сондай-ақ көліктер мен жолдардың нашар жағдайы аталады.
Нигердің Жол қозғалысы қауіпсіздігі агенттігінің есебіне сәйкес, 2025 жылы елде 7100-ден астам жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 1200-ден астам адам қаза тапқан. Тағы 4400-ден астам адам ауыр жарақат алған.
Еске сала кетсек, Бангладеште екі жол апатынан 16 адам қаза тапқанын жаздық.
Ал Қазақстанда жарты жылда жол апатынан 807 адам қаза тапты.