Нигерияда базарға әуеден соққы жасалды, құрбандар саны 100-ден асуы мүмкін
АСТАНА. KAZINFORM - Нигерияның Йобе штатындағы Джилли ауылында базар маңына жасалған әуе соққысы салдарынан ондаған адам қаза тапты. Amnesty International ұйымының мәліметінше, құрбандар саны 100-ден асып, тағы 35 адам жараланған, деп жазады Aljazeera.
Жергілікті билік шамамен 200 адамның зардап шеккенін хабарлады. Ал әскери күштер соққы «Боко Харам» тобының содырларына бағытталғанын айтып, базарға тікелей соққы жасалғанын жоққа шығарып отыр. Дегенмен Йобе штатының билігі соққы адамдар көп жиналған базар маңында жасалғанын растады.
Қазіргі уақытта зардап шеккендерге көмек көрсету бойынша шұғыл шаралар қолға алынған.
Amnesty International ұйымы бұл әрекетті адам өміріне жасалған қиянат деп бағалап, әуе соққысын қатаң айыптады.
Осыған дейін Нигерияда жанкештілер жасаған бірқатар теракт салдарынан 23 адам қаза тапқаны туралы жаздық.