Арменияның премьер-министрі Никол Пашинян Әзербайжанмен бұған дейін келісілген бейбіт келісім жобасына қол қоюға дайын екенін мәлімдеді.
Armenpress агенттігінің хабарлауынша, бұл туралы премьер-министр өзінің Facebook парақшасында жазды.
— Армения мен Әзербайжан арасындағы бейбіт келісім жобасы келісілді және қол қоюды күтіп тұр. Мен бұл құжатқа қол қоюға дайынмын, — деп жазды Армения премьер-министрі.
Айта кетелік Әзербайжан мен Армения шекарадағы делимитациялау жұмыстарын жүргізу тәртібін келіскен еді.