«Номад» хоккейден Континенталды кубокта алғашқы жеңісіне жетті

АСТАНА. KAZINFORM — Астаналық «Номад» командасының шайбалы хоккейден 2026 жылғы Континенталды кубоктың екінші кезеңіндегі алғашқы ойынын өткізді.

Фото: «Барыс» хоккей клубы

Кездесу барысында командалар тартысты ойын өткізді. Алғашқы екі кезеңде командалар екі-екіден гол соғып үлгерді. шешуші кезеңде қазақстандық команда тағы бір мәрте көзге түсті.

«Азиаго» — «Номад» 2:3 (1:1, 1:1, 0:1)

1:0 — Порко (Парко, Щупула) — 03:03

1:1 — Никитин (Тусупбеков, Муратов) — 10:14

1:2 — Королёв (Шульга, Муратов) — 21:30

2:2 — Магнабаско (Порко, Ригони) — 26:46

2:3 — Королёв — 56:24

Қақпашылар: Ригони — Нурек.

Осылайша олар қарсыласынан 3:2 есебімен басым түсіп, халықаралық бәсеке барысында алғашқы жеңісіне қол жеткізді.

Енді астаналық клуб бүгін «Корона Брашов» (Румыния) клубымен кездессе, одан кейін 15 қарашада «Херлев Иглз» (Дания) командасымен шеберлік байқасады.

«Номад» командасының құрамы

Қақпашылар: Владислав Нурек, Артём Шестаков, Джохар Дударкиев. 

Қорғаушылар: Артём Королёв, Руслан Түсіпбеков, Кирилл Никитин, Александр Макаров, Хақназар Кеңесбай, Абылайхан Сүлейменов, Мәди Диқанбек. 

Шабуылшылар: Артур Гросс, Олег Бойко, Никита Ситников, Әділ Бейсембаев, Николай Шульга, Батырлан Мұратов, Никита Мерзликин, Абай Маңғысбаев, Александр Мигунов, Даниил Цыбин, Асанали Русланұлы, Кирилл Панюков, Темірлан Китаров. 

Айта кетсек, биыл қаңтар айында Ұлыбританияның Ноттингем қаласында өткен шайбалы хоккейден Континенталды кубок ойындарына қазақстандық «Торпедо» (Өскемен) қатысты. Турнир қорытындысы бойынша «Торпедо» жүлделі екінші орынды иеленді.