«Номад» сапында Континенталды кубок ойындарына кімдер қатысады

АСТАНА. INFORMSPORTS - Астаналық «Номад» командасының шайбалы хоккейден 2026 жылғы Континенталды кубоктың екінші кезеңіндегі ойындарға құрамын жариялады.

ы
Фото: «Номад» футбол клубы

Қазақстандық команда бұл кезеңде D тобында сынға түседі. Қарсыластары - «Херлев Иглз» (Дания), «Корона Брашов» (Румыния) және «Азиаго» (Италия).

Бұл кезеңдегі ойындар Италияның Азиаго қаласында 13-15 қараша аралығында өткізіледі. 

«Номадтың» ойын кестесі (Қазақстан уақытымен):

14 қараша. 00:00. «Азиаго» - «Номад»;

14 қараша. 20:30. «Номад» - «Корона Брашов»;

15 қараша. 20:30. «Номад» - «Херлев Иглз». 

«Номад» командасының құрамы

Қақпашылар: Владислав Нурек, Артём Шестаков, Джохар Дударкиев. 

Қорғаушылар: Артём Королёв, Руслан Түсіпбеков, Кирилл Никитин, Александр Макаров, Хақназар Кеңесбай, Абылайхан Сүлейменов, Мәди Диқанбек. 

Шабуылшылар: Артур Гросс, Олег Бойко, Никита Ситников, Әділ Бейсембаев, Николай Шульга, Батырлан Мұратов, Никита Мерзликин, Абай Маңғысбаев, Александр Мигунов, Даниил Цыбин, Асанали Русланұлы, Кирилл Панюков, Темірлан Китаров. 
Айта кетсек, биыл қаңтар айында Ұлыбританияның Ноттингем қаласында өткен шайбалы хоккейден Континенталды кубок ойындарына қазақстандық «Торпедо» (Өскемен) қатысты.

Турнирдің шешуші кезеңінде өскемендік команда жоғары деңгейдегі ойын өрнегін көрсетіп, нағыз мінез таныта білді. «Торпедо» Данияның «Хернинг Блю Фокс» клубын 6:2 есебімен сенімді түрде жеңсе, Францияның «Дюк Д’Анже» командасымен өткен тартысты ойында овертаймда ғана 2:3 есебімен есе жіберді.

Ал алтын жүлде үшін өткен кездесуде қазақстандық клуб алаң иелері - «Ноттингем Пантерз» командасымен шеберлік байқасты. Турнир қорытындысы бойынша «Торпедо» жүлделі екінші орынды иеленді.

Айта кетсек, Қазақстан хоккейден қатарынан үшінші рет Азия чемпионы атанды.