Қазақстан хоккейден қатарынан үшінші рет Азия чемпионы атанды

АСТАНА. KAZINFORM — Шайбалы хоккейден Қазақстан құрамасы Оңтүстік Кореяның Чонджу қаласында Азия чемпионы атанды.

Қазақстан хоккейден Азия чемпионы атағын жеңіп алды
Фото: ҚР Туризм және спорт министрлігі

Кездесу барысында қарсыластар негізгі кезеңде бір-бірінің қақпасынан саңылау таба алған жоқ. Ойын овертаймға ұласты. Овертаймда да жеңімпаз анықталмады. Буллитте Қазақстан құрамасы жолы болды.

Қазақстан хоккейден қатарынан үшінші рет Азия чемпионы атанды
Фото: Туризм және спорт министрлігі

Қазақстан — Оңтүстік Корея 1:0 Б (0:0, 0:0, 0:0, 0:0, 1:0)

Голдар

1:0 — Гусейнов — 65:00

Қақпашылар: Нурек — Чой.

Қазақстан құрамасының тізімі

Қақпашылар: Антон Осокин, Сергей Кудрявцев (екеуі де — «Торпедо»), Владислав Нурек («Номад»).

Қорғаушылар: Степан Александров, Данил Бутенко, Фёдор Хорошев (барлығы — «Торпедо»), Артем Королев, Александр Макаров, Кирил Никитин, Руслан Тусупбеков (барлығы — «Номад»), Эдуард Михайлов («Сарыарқа»).

Шабуылшылар: Артур Гатиятов, Дмитрий Гренц, Диас Гусейнов, Саян Данияр, Максим Мухаметов (барлығы — «Торпедо»), Артур Гросс, Абай Мангисбаев, Александр Мигунов, Никита Мерзликин (барлығы — «Номад»), Александр Борисевич («Сарыарқа»), Евгений Рымарев («Алматы»), Оскар Юлбарисов («Горняк»).

Айта кетсек, бұдан бұрын отандастарымыз Жапонияны 3:2 есебімен жеңсе, Қытайды 5:0 есебімен қапы қалдырды.