Қазақстан хоккейден Азия чемпионатында екінші жеңісіне жетті

АСТАНА. KAZINFORM — Бүгін шайбалы хоккейден Қазақстан құрамасы Оңтүстік Кореяның Чонджу қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында екінші ойынын Қытайға қарсы өткізді.

Қазақстан хоккейден Азия чемпионатында екінші жеңісіне жетті
Фото: Қазақстан бокс федерациясы

Кездесу барысында қарсыластар алғашқы кезеңде бір-бірінің қақпасынан саңылау таба алған жоқ. Екінші кезеңде отандастарымыз жауапсыз екі гол соқса, үшінші кезеңде тағы үш мәрте көзге түсті. 

Қазақстан — Қытай 5:0 (0:0, 2:0, 3:0)

1:0 — Данияр (Мұхаметов, Гусейнов) — 30:06
2:0 — Данияр (Бутенко, Гатиятов) — 33:36
3:0 — Гатиятов (Бутенко, Данияр) — 40:33
4:0 — Юлбарисов (Мухаметов, Александров) — 47:46
5:0 — Никитин (Гатиятов, Гусейнов) — 52:56
Қақпашылар: Нурек — Чен.

Осылайша Қазақстан құрамасы қарсыласынан 5:0 есебімен басым түсті. Бұл — олардың құрлықтық бәсекедегі екінші жеңісі. Олар бұдан бұрын Жапонияны 3:2 есебімен қапы қалдырды.

Қазақстан құрамасының тізімі

Қақпашылар: Антон Осокин, Сергей Кудрявцев (екеуі де — «Торпедо»), Владислав Нурек («Номад»).

Қорғаушылар: Степан Александров, Данил Бутенко, Фёдор Хорошев (барлығы —
«Торпедо»), Артем Королев, Александр Макаров, Кирил Никитин, Руслан Тусупбеков (барлығы — «Номад»), Эдуард Михайлов («Сарыарқа»).

Шабуылшылар: Артур Гатиятов, Дмитрий Гренц, Диас Гусейнов, Саян Данияр, Максим Мухаметов (барлығы — «Торпедо»), Артур Гросс, Абай Мангисбаев, Александр Мигунов, Никита Мерзликин (барлығы — «Номад»), Александр Борисевич («Сарыарқа»), Евгений Рымарев («Алматы»), Оскар Юлбарисов («Горняк»).

Отандастарымыз енді алдағы ойынын 8 қарашада 13:30–да Оңтүстік Кореямен шеберлік байқасады.