Робот теңіз түбіндегі құрылғылардың бүлінуін анықтап оны жөндеуге көмектеседі делініп отыр.
Оны жасауға Норвегия технологиялық университетінің ғалымдары 10 жылын сарп еткен. Робот теңіз түбінде бақылау жүргізуге әрі қарапайым жұмыстарды атқаруға арналған. Алдағы уақытта теңіздегі мұнай-газ стансаларына қымбат әрі күрделі машиналардың қажеті болмайды.
Робот жылан Лох-Несс құбыжығына ұқсайды, болашақта теңізде туристердің зәресін ұшыруы да мүмкін.