Норвегия королі Хокон VIII парламентте ант берді

АСТАНА. KAZINFORM - Норвегия королі Хокон VIII ел парламентінде ант берді. Салтанатты рәсім кезінде қатысушылар король Харальд V бір минут үнсіздікпен еске алды, деп хабарлайды NRK телеарнасы.

Фото: AP Photo

— Норвегия Корольдігін оның Конституциясы мен заңдарына сәйкес басқаруға уәде беремін және ант етемін. Патшайым екеуміз ел мен халық алдындағы міндетімізді орындауға дайын екенімізді растаймыз, — деп келтіреді телеарна Норвегия монархының сөзін.

Корольден кейін парламент төрағасы Масуд Гарахани сөз сөйлеп, Харальд V еске алуға бір минут үнсіздік жариялады.

Фото: Mosvold Larsen/AP/TASS

Ол жаңа монархтан үлкен үміт күтетіндерін атап өтті.

— Корольдің бұл үмітті ақтауға айрықша қабілеті бар, — деді Гарахани.

Салтанатты рәсім барысында қатысушылар Норвегияның мемлекеттік әнұранын орындады.

Норвегия королі Харальд V 89 жасында қайтыс болды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев оның қазасына байланысты көңіл айтты.

53 жастағы Хокон VIII әкесі Харальд V қайтыс болғаннан кейін король атанды. Харальд V Норвегия тағына 1991 жылы отырған.