Рекордты Лондоннан арнайы келген Guinness рекордтар кітабының өкілі ресми түрде тіркеді.
Рекорд орнату үшін кемінде 2 461 қатысушыны жинау, шомылушылардың басым бөлігінің арнайы талаптарға сай жабдықталуын қамтамасыз ету және су температурасының 10 градустан аспауын тіркеу қажет болған. Ұйымдастырушылардың алаңдаушылығына қарамастан, ауа райы қолайлы болды.
Іс-шараға қысқы және мұзды суға шомылу клубтарының мүшелерімен қоса саламатты өмір салтын ұстанатын өзге де азаматтар қатысқан.
Рекордтық оқиға болған жерде құтқарушылар мен дайверлер кезекшілік еткен.
Ұйымдастырушылар 4 мың адамға дейін қатысады деп үміттенген екен. Дегенмен нақты көрсеткіш ең төменгі талаптан асып, жаңа рекордтың орнауына мүмкіндік берді.
Айта кетсек, бұған дейін Ғалымжан Балабек суда жүзуден еліміздің рекордын жаңартты.