АСТАНА. ҚазАқпарат – Аустралия чемпионы атанған Новак Джокович 3 млн долларға жуық табыс тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
ATP мәліметіне қарағанда, осы біріншілікте үздік шыққан сербиялық теннисші 2,975 млн Аустралия долларын (2,1 млн АҚШ доллары) алды.
Оның спорт жолындағы барлық табысын қосқанда 166,8 млн долларға жетті.
Бұл көрсеткіш жөнінен Н.Джокович әлемдегі ең бай теннисшілердің көшін бастады.
Одан кейін Рафаэль Надаль (134 529 млн доллар) және Роджер Федерер (130 594 млн доллар) келеді.
Қазақстандықтардан Елена Рыбакина (6 млн 389,853 мың доллар) және Александр Бублик (4 млн 281,652 мың доллар) алда тұр.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Новак Джоковичтің оныншы рет Аустралия чемпионы атанғанын жазған едік.
Сондай-ақ Заңғар Нұрланұлы алғаш рет ITF Juniors турнирінде чемпион атанды.
Ал Тимофей Скатов Чилидегі турнирдің финалында жеңіліп қалды.
Қазақстан тарихында алғаш рет Елена Рыбакина 10-ракетка атанды.
Фото: www.championat.com
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).