Сербияның екі ірі қаласы Нови-Сад пен Белградта шеруге шыққан адамдар апатқа кінәлі шенеуніктердің жауапқа тартылуын талап етті.
Нови-Садта студенттер құрбандарды еске алуға арналған мемориалдық тақта ашты. Қала мэрі наразылық білдірушілер қайғылы оқиғаны әдейі пайдаланып жатқанын мәлімдеді.
Белградта студенттер мен кәсіподақ өкілдері үкімет ғимаратына шеруге бірге шығып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет етуге және жұмысшылардың құқығын сақтауға шақырды.
Еске сала кетсек, өткен жылдың қараша айында Сербия халқы ең көп шоғырланған Нови-Сад қаласындағы теміржол вокзалында бетон шатыр құлап, 14 адам қаза тапты.
Елде вокзалдағы төтенше жағдай мен 14 адамның қазасынан кейін наразылық шаралары басталды.