«Nur Otan»: Ақтөбенің тірек ауылдары су және газбен түгел қамтылады

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - «Nur Otan» партиясы 2025 жылға дейін облыстың барлық ауылын ауыз сумен қамтамасыз етуді жоспарлап отыр. Тұрғындар саны 200-ден асатын ауылға орталықтандырылған ауыз су құбыры тартылса, адам саны 200-ден аз ауылға кешенді блок орнатылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Азаматтардың өмір сүру сапасын арттыру, таза су, ауа және сапалы инфрақұрылымға қол жеткізуді қамтамасыз ету - «Nur Otan» партиясының басым бағыттарының бірі. Жол және көлік инфрақұрылымын, тұрғын үй-коммуналдық саласын жаңғырту жайын «Nur Otan» партиясы атынан облыстық мәслихат депутаттығына үміткер Евгений Лазарчук және Әсел Зелетдинова «Анвар» супермаркетінде өткен кездесуде айтты.

«Әр үйге ауыз су мен газ жеткізу – экологиялық жағынан қолайлы фактор. Партия бұл бағыттағы мәселелер шешімін алдағы бес жылға жүйелі жоспарлады», - деді Евгений Лазарчук. «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасына сай облыстың 880 мың тұрғыны, яғни, 100% сапалы ауыз су тұтынып, ауылдарды газбен қамту көрсеткіші шамамен 69% жеткізіледі.


Әсел Зелетдинова жастарды қолдауға назар аударды. Үміткер жұмыспен қамту, шығармашыл жастардың идеяларын қолдау бағытына тоқталды.

«Партияның сайлауалды бағдарламасында халық денсаулығын нығайту, жастардың еңбекке араластыру, бұқаралық спортты дамыту секілді бірнеше басымдық бар. Алдағы бес жылда 14 ірі спорт нысаны салынады», - деді Әсел Зелетдинова.

«Nur Otan» партиясы Ақтөбе облысының Сайлау қорының қаражатынан төленді.