"Алматы қалалық денсаулық сақтау басқармасының мәліметтеріне сәйкес, медициналық мекемелерге ешкім жүгінген жоқ. Нұр-Сұлтан қаласында заңсыз акция өткен жерде медицина қызметкерлеріне 12 адам жүгінді. Олардың барлығы негізінен гепертониялық кризге (аурудың кенеттен күрт асқынуы) шағымданған", - деді министрдің орынбасары Орталық сайлау комиссиясындағы брифинг барысында.
Сонымен қатар, ол қаладағы қоғамдық тәртіпке қарсы акцияға қатысушылар полиция қызметкерлеріне қарата тас, қолдарына іліккен заттарды лақтырып, көзден жас ағызатын баллондарды қолданған.
"Осы әрекеттердің салдарынан 3 полиция қызметкері жарақат алды. Оның екеуі топ адамдардың ішінен лақтырылған тастан зардап шексе, бір қызметкер қасақана қолданылған көзден жас ағызатын баллоннан күйік алды. Мұндай әрекеттерге қылмыстық заңнама баптарына сай процестік баға берілетінін ескертемін. Ол адамдар анықталып, қатаң жауапқа тартылатын болады", - деді Марат Қожаев.