Қалалық 109 IKomek жедел қызметінің хабарлауынша, бүгін 21 наурыз, сағат 11.00-ден бастап «Екатеринбург - Алматы» тасжолының 1247-1003 шақырым аралығында көліктің барлық түріне жүруге тыйым салынған.
Оған ауа райының аяқ астынан бұзылуы, боран, жолдың көрінбеуі себеп болды.
Бұл жол учаскесі Нұр-Сұлтан қаласынан Атбасар қаласына дейінгі аралықты қамтиды.
Еске сала кетейік, бүгін Қазақстанның басым бөлігінде жауын жауып, жел күшейетіні ескертілген болатын.
Қазақстан бойынша тұман түсіп, еліміздің оңтүстік-шығысында, батысында - көктайғақ, солтүстігінде, солтүстік-батысында, шығысында - жаяу бұрқасын соғады.
Қазгидромет мәліметінше, Ақмола облысында желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді. Облыстың солтүстігінде, шығысында желдің екпіні секундына 23-28 метр болады.