«Нұр-Сұлтан- Петропавл» тас жолы ашылды

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысы аумағында ауа райының жақсаруына байланысты «Нұр-Сұлтан-Петропавл» тас жолы ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ауа райының жақсаруына байланысты ақпанның 8-і таңғы сағат 09:30 бастап «Нұр-Сұлтан-Петропавл» автомобиль жолының 18-231 шақырым учаскесінде (Нұр-Сұлтан қаласынан-Щучье қаласына дейін) көліктің барлық түрі үшін жол қозғалысы рұқсат етілді», - деп хабарлады «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ баспасөз қызметіндегілер.

Айта кетейік, ақпанның 7-де ауа райының нашарлауына байланысты Ақмола облысы аумағында республикалық және облыстық маңыздағы жолдардың бірқатар уаскелері жабылған болатын.