«Қазіргі уақытта әлеуметтік желілер мен WhatsApp мессенджері арқылы қалалық ломбардтардың бірінше белгісіз біреудің адамдарды кепілге алғандығы туралы видео тарауда. Видеоға қатысы пікір білдірген автор адамдардың кепілге алғандығын айтады және мұның шындыққа жанаспайтындығын хабарлаймыз», - деп атап өтеді ведомстводан.
Осы ретте қалалық полиция департаменті жалған ақпарат таратқаны үшін қылмыстық жауапкершілік бар екендігін ескертеді. Атап айтқанда, ҚР Қылмыстық кодексінің 274-бабына сәйкес бұқаралық ақпарат құралдарын немесе телекоммуникациялар желілерін пайдалана отырып, қоғамдық тәртіпті бұзу немесе азаматтардың немесе ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделеріне не қоғамның немесе мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделеріне елеулі зиян келтіру қаупін төндіретін көрінеу жалған ақпарат таратқаны үшін 5 000 айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не 1 200 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не 5 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.