Нұр-Сұлтан - Щучье автожолы жабылды

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысы аумағында ауа райының нашарлауына байланысты республикалық және облыстық маңыздағы жолдар жабылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ауа райының нашарлауына байланысты 8 ақпан сағат 13:30 бастап «Нұр-Сұлтан-Петропавл» автомобиль жолының 18-231 шақырым учаскесінде (Нұр-Сұлтан қаласынан Щучье қаласына дейін) көліктің барлық түрінің қозғалысына тыйым салынды» деп хабарлады «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ баспасөз қызметіндегілер.

Айта кетейік, өңірде бұған дейін «Нұр-Сұлтан-Ерейментау-Шідерті» автомобиль жолының 16-200 шақырым аралығы (Нұр-Сұлтан қаласынан Павлодар облысы шекарасына дейін) жабылған болатын.

Одан бөлек, «Нұр-Сұлтан - Қорғалжын» автомобиль жолының 19-118 шақырым учаскесі (Нұр-Сұлтан қаласынан Қорғалжын қорығына дейінгі аралық) жабылып отыр.