Бұл жайында Нұр-Сұлтан қаласының төтенше жағдайлар департаменті мәлімет таратты.
«Ауа райының тынышталуына байланысты 11 наурыз сағат 00:00 кезінен бастап «Екатеринбург-Алматы» республикалық маңызы бар тасжолының Нұр-Сұлтан мен Теміртау қаласы аралығындағы учаскесінде автокөліктің барлық түріне жүруге рұқсат берілді.
Бұл - аталмыш автожолдың 1291-1426 шақырымы» делінген хабарламада.
Еске сала кетейік, біз бұған дейін Қазақстанның екі облысындағы жолдарда көлік қозғалысына тыйым салынғанын жазған болатынбыз.