Нұр-Сұлтанда 9 қабатты үй өртеніп, 35 адам эвакуацияланды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Нұр-Сұлтанда 9 қабатты үй өртеніп, 35 адам эвакуацияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің мәліметтеріне сілтеме жасап.

Комитет таратқан мәліметтерге қарағанда, оқиға 20 cәуір күні болған. Сағат 08:01-де елорданың өртке қарсы қызмет нөміріне Мұстафин көшесінде орналасқан тоғыз қабатты үйде өрт шыққаны туралы хабар түскен.

«Өрт сөндірушілер оқиға орнына келген кезде, үйдің екінші қабатындағы балконда киімдер өртеніп жатқан. Өрт сөндірушілер алдымен үйде тұратын 35 адам, соның ішінде 15 баланы қауіпсіз жерге шығарды. Жалын бес шаршы метр аумақты шарпыған. Өрт сағат 08:13-те толық сөндірілді. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себептері анықталу үстінде»,-делінген хабарламада.