Оның бұрын сотталғаны анықталды. үйді тінту кезінде 151 грамм оралған наша тәркіленді. Күдікті оны астана аумағында сатпақ болған.
Аталмыш факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу жүргізіліп жатыр.
23-29 тамыз аралығында көшелер мен қоғамдық орындарда заң бұзушылық пен қылмыстарды ескерту және жолын кесу мақсатында астана аумағында «Құқықтық тәртіп» жедел-алдын алу шаралары жүргізілуде.
Шаралардың басынан бері 131 қылмыс тіркелді, олардың 98-і ашылды. Сонымен қатар бұрын жасалған 70 қылмыс анықталып, іздеуде жүрген 18 қылмыскер ұсталды.
3 мыңға жуық тұрғын үй араланды, ішкі істер органдарының есебінде тұрған 3 452 адам тексерілді.