«Жуырда елорданың мектеп директорларының қатысуымен онлайн жиын өткіздім. Осы тұста айтарым, оқушылар арасында болатын түрлі бұзақылық, бопсалау, әлемжеттік көрсету мәселесі бойынша біз мектеп психологтарымен бірлесіп әрекет етпекпіз. Ол үшін қазір Білім басқармасымен бірлесіп оқушылармен жұмыс істеудің жаңа әдісін әзірлеп жатырмыз. Бұған дейін қалай болды, бір жағдай болса учаскелік полиция мектепке мектепке барады, ол оқушы оның алдында қызарып немесе ақталып тұрады. Осы орайда жаңа әдіспен жұмыс істеудің екі мақсаты бар. Біріншіден, оқушы полицейден қорықпауы тиіс және полиция дегенде жазалайтын адам деген түсінік қалыптаспауы керек. Екіншіден, жасөспірімдермен жұмыс істеудің методикасын меңгерген жөн, бұл жерде алдымен баламен тіл табысу маңызды», - деді Бақытжан Малыбаев.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, бүгін Нұр-Сұлтан қаласында заманауи сервистік полиция қызметінің жұмысы таныстырылды.
Сондай-ақ, аталған шарада елордада учаскелік полиция қызметкерлері санының артқаны айтылды.