«Студенттер арасында коронавирус инфекциясының жалпы 145 жағдайы анықталды. Олардың 32-сі колледж, ал 113-і жоғары оқу орындарының студенттері. Оффлайн форматта білім алушылардың арасында коронавирус анықталғандары - 4 студент. Оның ішінде екі студент Қазақ ұлттық өнер университеті мен Назарбаев Университетінде, ал тағы екі студент Политехникалық және Көбейінді колледждердің білім алушылары», - деді ол Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында.
Айта кетейік, 2021 жылдың қаңтар айының басынан бері елордада коронавирус инфекциясының 3 763 жағдайы тіркелген. Оның ішінде 752 мектеп оқушысы да бар.
Жалпы елордада 2020 жылдың желтоқсанымен салыстырғанда ауру көрсеткіші 1,5 есеге немесе 35 пайызға өскені байқалады.