Нұр-Сұлтаннан шығатын бүкіл автожолдар ашылды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Ауа райының тұрақталуына байланысты елордадан шығатын бірқатар жолдар ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ikomek қалалық шұғыл қызметі таратқан мәліметке сенсек, 7 наурыз күні сағат 12.00-ден бастап Нұр-Сұлтаннан шығатын бүкіл республикалық жолдар ашылған.

Атап айтқанда, «Нұр-Сұлтан - Петропавл» жолының 18-231 шақырымдарының аралығында, «Нұр-Сұлтан - Щучинск», «Нұр-Сұлтан - Жақсы ауылы» және «Екатеринбург - Алматы» жолының 917-1247 шақырым аралығында көліктің барлық түрлерінің қозғалысына рұқсат берілді.

Еске сала кетейік, кеше бұрқасын мен көктайғаққа байланысты Щучинск пен Теміртау бағытына шығатын жолдардағы көлік қозғалысы тоқтағанын жазған болатынбыз.

Сонымен қатар бүгін таңертең қала маңына қатынайтын 9 автобус уақытша жүрмейтін болды.