Нұр-Сұлтаннан ұрланған көлік Ақмола облысында ұсталды

Фото: None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Ақмола облысының полицейлері елордалық әріптестеріне ұрланған көлікті ұстауға көмектесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық ПДбаспасөз қызметінің мәліметінше, шілденің 14-де Целиноград ауданының ПБкезекшілік бөліміне Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаментінің жедел басқару орталығынан «Лада приора» көлігі ұрланғаны туралы шұғыл хабар түскен.

«Астаналықәріптестеріміздің ақпаратынша, күдікті айдап әкеткен көлік «Екатеринбург –Алматы» тас жолының бойындағы «Рубеж» бақылау бекеті арқылы Астрахан бағытынақарай жүріп өткен. Кезекші-инспектор барлық мәліметтерді бірден елорданыңіргесінде жүрген жол-патрульдық полиция ротасының қызметкерлеріне жолдады», депмәлім еттіведомстводан.

Арада 5-7минут өткен кезде республикалық автожолдың 1224 шақырымында полиция капитандарыБейсенбай Хамитжанов пен Әділбек Боранбаевтың автопатрулі аталмыш көлікті байқап, ізіне түскен. Алайда,көлік жүргізуші тоқтау туралы белгіге құлақ аспай, жылдамдықты одан сайынүдеткен.

«Ұзақ уақытқуғыннан кейін күдікті ұсталды. Ол ұрланған көлікпен қатты жылдамдықта жүргендіктен жолқозғалысының өзге қатысушыларының қауіпсіздігі қамтамасыз етілді», - дептолықтырды ведомстводан.

Ақмолалықполицейлер ұсталған күдікті мен көлікті бірден елордалық әріптестерінетапсырды.

Соңғы жаңалықтар