Айта кетейік, жақында бойжеткенді өлтірді деген күдікті мәжбүрлі психиатриялық емдеуге жіберілгені мәлім болды.
Е.Өтегенов күдіктіге қатысты сот-психиатриялық сараптама жүргізу қажет екенін айтты.
— Нұрай ісіне тоқталсақ, сараптаманың бұл түрі - аса ауыр қылмыстарды тергеу аясында жүргізілуі тиіс міндетті сараптама. Қазір бұл сараптама жүргізілді, - деді Бас прокурордың орынбасары Сенатта тілшілер сұрағына жауап бере отырып.
Еске салсақ, марқұм Нұрай Серікбайдың өліміне күдікті ретінде 28 жастағы Шымкент қаласының тұрғыны ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Президент Шымкенттегі бойжеткеннің өліміне қатысты Бас прокуратураға тапсырма берді.
Қызды өлтіру фактісі бойынша қозғалған қылмыстық істі тергеу үшін орталық аппараттан мамандар жіберілді.
Бойжеткеннің өлімінен кейін өз қызметіне салғырт қарады деген күдікпен полиция қызметкерлеріне қылмыстық іс қозғалды.