Нұрбек Серіков Су шаруашылығы комитетінің төрағасы болып тағайындалды

АСТАНА. KAZINFORM — Нұрбек Серіков Су ресурстары және ирригация министрлігінің Су шаруашылығы комитетінің төрағасы болып тағайындалды. Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметі хабарлады.

Фото: Су ресурстары және ирригация министрлігі

Нұрбек Серіков 1989 жылы Қарағанды облысы Балқаш қаласында дүниеге келген. Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін, С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетін, Солтүстік Зауралье мемлекеттік аграрлық университетін, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын және Қазақ ұлттық су шаруашылығы және ирригация университетін бітірген. Президенттік жастар кадр резервінің мүшесі.

Еңбек жолын 2012 жылы Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Өнеркәсіп комитетінің экономисі қызметінен бастаған.

2012-2013 жылдары — Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігінің сарапшысы.

2013-2019 жылдары — Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің сарапшысы, бас сарапшысы, сондай-ақ Сумен жабдықтау және су бұру басқармасының басшысы қызметтерін атқарған.

2019-2020 жылдары — Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің Коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы.

2020-2022 жылдары — «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту және дамытудың қазақстандық орталығы» АҚ басқарма төрағасының орынбасары.

2022-2023 жылдары — «Қарағанды облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысы.

2023-2024 жылдары — «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту және дамытудың қазақстандық орталығы» АҚ басқарушы директоры, кейін басқарма төрағасының орынбасары қызметтерін атқарған.

2024 жылғы тамыздан 2026 жылғы қазанға дейін Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігі Су шаруашылығы комитеті төрағасының орынбасары болды.

2026 жылғы қарашадан бастап Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігі Су шаруашылығы комитетінің төрағасы болып тағайындалды.

Еске салайық, бұған дейін Ернар Хасенов Мемлекеттік энергетикалық қадағалау комитетінің төрағасы болғанын хабарлағанбыз.