Ернар Хасенов Мемлекеттік энергетикалық қадағалау комитетінің төрағасы болды
АСТАНА. KAZINFORM — Ернар Хасенов ҚР ЭМ Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің төрағасы болып тағайындалды. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлайды.
— Қазақстан Республикасы энергетика министрінің бұйрығымен Ернар Мұхтарұлы Хасенов ведомствоның Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалды, — делінген хабарламада.
1987 жылы Павлодар облысында дүниеге келген. Инновациялық Еуразия университетін, «Болашақ» бағдарламасы бойынша Стратклайд университетін (Ұлыбритания) бітірген.
Еңбек жолын Автомобиль жолдары комитетінің Павлодар облыстық департаменті сапаны бақылау және жұмыстарды қабылдау бөлімінің жетекші маманыны болып бастады.
2010–2014 жылдары – ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің сарапшысы, бас сарапшы, басқарма басшысы.
2014–2023 жылдары – ҚР Премьер-министрі кеңсесінде бас сарапшы, бас консультант, бас инспектор.
2023–2025 жылдары – ҚР Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті Қарағанды облысы бойынша аумақтық департаментінің басшысы.
2025 жылғы маусымнан бастап қазіргі уақытқа дейін ҚР Энергетика министрлігі Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитеті төрағасының орынбасары қызметін атқарды.
Бұдан бұрын Евгений Кочетов ҚР Президенті Әкімшілігінде жаңа қызметке ие болғанын жазғанбыз.