Отандасымыз 66 келіге дейінгі салмақтың ақтық белдесуінде бразилиялық Рональд Лимамен жолықты.
ҚР ҰОК мәліметінше, нәтижесінде Нұрқанат Серікбаев айқын басымдықпен жеңіске жетті.
Осылайша Нұрқанат Серікбаев Қазақстан құрамасының қоржынына алтын медальді салды. Айта кетейік, бұған дейін Ғалия Тынбаева (48 келі) мен Аман Бақытжан (60 келі) күміс жүлдеге ие болған еді.
Қазақстандық семсерлесуші Айбар Қайым Сенегал астанасы Дакарда өтіп жатқан жасөспірімдер Олимпиадасында күміс медаль жеңіп алды.