Айбар Қайым – қылышпен семсерлесуден жасөспірімдер Олимпиадасының жүлдегері
АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстандық семсерлесуші Айбар Қайым Сенегал астанасы Дакарда өтіп жатқан жасөспірімдер Олимпиадасында күміс медаль жеңіп алды.
ҚР Спорт комитеті мәліметінше, қылышпен семсерлесуден өткен шешуші бәсекеде отандасымыз Түркия өкіліне есе жіберіп, жарысты екінші орынмен аяқтады.
Айбар финалға дейін тартысты кездесулер өткізді. Ширек финалда болгариялық Никола Мейцовтан басым түссе, жартылай финалда сингапурлық Эштон Оуды 15:13 есебімен жеңді.
Айта кетейік, бүгін Қытай астанасы Бейжіңде конькимен жүгіруден әлем кубогының кезеңі басталды.
Кристина Шумекова Бейжіңдегі әлем кубогының күміс жүлдегері атанды.